Алматы. 30 шілде. 7kun.kz – Тұрғын үй құрылысы кезіндегі жұмыс сапасының талапқа сай болмауына байланысты екі құрылыс компаниясы мен техникалық бақылау экспертінің жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Әкімдік таратқан мәліметтерге қарағанда, лицензиялау бағытындағы бекітілген нормаларды бұзу мен сапасыз құрылыс жүргізуге байланысты «Sat Construction Group» ЖШС-ның жұмысы тоқтатылды. Сонымен қатар «CAC group» ЖШС-нің мемлекеттік лицензиясы алынып, әкімшілік жауапқа тартылды.
Қалалық ортаның сапасы мен бақылау басқармасының деректері бойынша, құрылыс нысандарын салу барысында өзінің қызметін талапқа сай орындамауына байланысты техникалық бақылау сарапшылары Ринат Тухватов пен Сәуле Жармағамбетованың аттестаттары тоқтатылды.
Айта кетейік, 18 маусымнан бастап, Астанада жеке тұлғалар мен мемлекеттік органдардың шағымдарының негізінде 82 тексеру тағайындау актісі тіркелді. Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша, жіберілген кемшіліктерді жою туралы 241 ұйғарым шығарылды. Осыған байланысты ҚР заңнамаларының талаптарын бұзған 172 субъект әкімшілік жауапқа тартылды.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024