Экономика
															IT, Технология 
															Регионы
							
							Астанада электрокөліктерді қуаттайтын бірінші станция ашылды
							
						 
													
						
						Астана. 5 шілде. 7kun.kz - Күші 50 кВт-тың станция 24 кВттың аккумуляторды 15 минутта 30-80%ға дейін толтыруға қабілетті.
Compass АЗС + express market станциясы бұған дейін қазақстанда орнатылған баламаларына қарағанда өзгеше.  Ол 30 минут ішінде көлікті тоқпен қуаттауға  қабілетті. Әрі көлік иелері  ССS, CHAdeMO және Mode3 құрылғыларының кез-келгенін пайдалана алады.
Айта кетейік, қазіргі кезде қазақстанда 200-ден астам электрокөлік бар. Олардың көпшілігі әзірше тек ірі қалаларда ғана жүре алады.