Астана. 29 желтоқсан. 7kun.kz – Астанада ер адам танысының қымбат көлігін өртеп жіберген, деп хабарлайды 7kun.kz.
Таңертең сағат 05.50-де полицияға Hyundai Tucson автокөлігінің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Көлік Күйши Дина көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған. Шақыру бойынша келген полицейлер 42 жастағы ер адамды көліктің жанынан ұстады.
«Ол мас күйінде жеке жеккөрушілік қарым-қатынас салдарынан танысының көлігін өртеп жібергені анықталды. Қолайлы сәтті күткен ер адам түнде таныс әйелдің ауласына келіп, көлікке бензин шашып, оны өртеп жіберген», – делінген хабарламада.
Жәбірленушіге 19 млн теңге көлемінде шығын келді. Оқиға орнына келген өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері өртті өшірді.
Бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024