Алматы. 13 қазан. 7kun.kz — 2017 жылғы 20 қазанда Астана қаласында Еуразиялық интеграция институты мен Ұлттық аударма бюросы бірлесіп, «Жаңғыру 3.0: Рухани Жаңғыру» тақырыбында сарапшылар кездесулері сериясынан Халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өткізеді.
Конференция барысында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының іске асырылу барысын, аударма теориясы мен практикасының және латын әліпбиіне өтудің өзекті мәселерін талқылау жоспарланып отыр.
Конференцияға ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, «Философияның таңдаулы 25 кітабы» оқулығының авторы Реми Хесс (Франция), жетекші ғалымдар қатысады.
Айта кетейік, «Ұлттық аударма бюросы» ЖОО-мен бірлесе отырып, алғашқы 17 оқулықты аударып жатыр. Оқулықтар философия, әлеуметтану, психология, дінтану, мәдениеттану, тіл білімі, антропология, экономика, менеджмент және кәсіпкерлік бағыттарын қамтиды. Аударма жұмысына тоқсаннан аса оқытушы ғалым, аудармашы, редакторлар мен баспагерлер тартылған.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





