Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz – Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясының кезекті съезі өтуде, - деп хабарлайды Елорда Инфо.
Партияның 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған аталған съезде партия жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу және саяси кеңес пен орталық бақылау-тексеру комиссиясының есептік кезеңдегі жұмысын қорытындылау сияқты мәселелер талқыланады деп күтілуде.
Айта кетсек, кеше партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен партия саяси кеңесінің отырысы өтті.
Оған саяси кеңес мүшелері, соның ішінде ҚР Парламентінің депутаттары, атқарушы мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлер, дәрігерлер, білім, мәдениет, спорт саласының өкілдері, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері және тағы басқалар қатысты.
Кеңес отырысында «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағдарлама жобасы талқыланды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024