Астана. 27 қазан. 7kun.kz – Land Rover автокөлігінің жүргізушісі жоғары жылдамдықпен бағдаршамның тыйым салынған сигналына екі рет өтіп, автобус жолағына шығып кетіп, полицейлердің тоқтау туралы талаптарын елемеген. Тәртіп бұзушы Республика даңғылындағы көліктердің тығыз ағынында ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Медициналық куәландыруға сәйкес жүргізуші көлікті «жеңіл дәрежедегі» мас күйінде басқарған.
Сондай-ақ оның мультитесттен өту кезінде марихуана қолданғаны анықталды. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін жүргізушіге қатысты 5 әкімшілік хаттама толтырылды. 33 жастағы жүргізуші осыдан екі жыл бұрын көлік құралын жеті жылға басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Қазір құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ер адамды ұстап, ПД Уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024