Астана. 3 қараша. 7kun.kz – Елордада 19 жастағы тұрғынды скотчпен байлап, тонап кетті деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицейлердің айтуынша, күдікті жас жігіттің үйінде құрылыс жұмыстарын жасаған. Алайда жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін құрылысшыға ақысын бермеген. Төлемін ала алмаған жұмысшы жігітті қорқытып, оны скотчпен байлап, IРhone 12 Pro Max ұялы телефонын және банк картасын алып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 41 жастағы күдіктіні ұстаған. Ол ұрланған телефонды ломбардқа өткізіп үлгеріпті. Қазір тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оның бұрын да елорда аумағында ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024