2016 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау өтетін күні азаматтардың барлық санаты үшін қоғамдық көліктермен жол жүру тегін болады. Бұл туралы Астана қаласының astana.gov.kz ресми сайты хабарлады.
Айта кетейік, қазіргі кезде Астанада 63 қалалық бағдар және аялдамалар саны аз, тура қозғалатын 6 экспресс-маршрут, сондай-ақ, жолаушылар тасымалының барлық нормативтеріне сәйкес келетін қала маңына қатынайтын 15 маршрут жүреді. Еске салайық, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен Астана қаласы мәслихатының депутаттары үшін 213 сайлау учаскесінде дауыс беруге болады. Елордада өз сайлау учаскеңізді білу үшін 55-66-55 номері бойынша Астана қаласы әкімдігінің байланыс орталығының, e.astana.kz және аstana.gov.kz веб-сайттарының қызметін пайдалануға болады, сонымен қатар, ақпараттық дүңгіршектер арқылы немесе 1414 қысқа номеріне (код сөз – бос орын – азаматтың ЖСН-і) SMS-хабарлама жолдау арқылы ақпарат алуға болады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024