Алматы. 19 ақпан. 7kun.kz – Ертең сағат 11:00-де«Астана» Халықаралық қаржы орталығында (Мәнгілік ел даңғылы, 53, С-3.3 павильоны) классикалық шахматтан Командалық Әлем Чемпионатының өткізілуіне арналған баспасөз-конференциясы өтеді.
Шараға ҚР мәдениет және спорт министрі – Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстан шахмат федерациясының Атқарушы директоры – Ирина Грищенко, гроссмейстер, ҚР әйелдер құрамасының мүшесі – Динара Садуақасова және гроссмейстер, ҚР ерлер құрамасының мүшесі – Әнуар Исмағамбетов қатысады.
Наурыз айында Астанада, әлемнің 14 елінен ең мықты құрамалар қатысатын классикалық шахматтан Командалық Әлем Чемпионты өтеді.
Мұндай іс-шара Қазақстанда алғашқы рет өткелі отыр. Турнирде Қытай, Әзірбайжан, Иран, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Үндістан, Украина, Грузия, тағы да басқа елдерден және Қазақстаннан 20 құрама ойнайды - 10 ерлер және 10 әйелдер командасы. Олардың арасында әлем чемпиондары, континенттік чемпиондар, FIDE 2018 Олимпиадасынан соң ең жоғары рейтингтерімен 6 команда, қабылдаушы федерациядан екі команда және де FIDE президентімен тағайындалған екі команда болады. Командалық есепте Әлем чемпионы атағы - бөлек түрде, ерлер және әйелдер командаларына беріледі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024