Астанадағы теңгенің еркін айналымға көшкелі тұрғын үйлердің бір шаршы метрі орта есеппен 230 мың теңге болып отыр. Бұндай мәліметтерді ҚР құрылыс салушылар қауымдастығының атқарушы директоры Аслан Түкиев жария етті.
"Қымбаттау өкінішке орай болды. Шамамен 20 пайызға қымбаттады. Яғни, тұрғын үйдің шаршы метрі 230 мың теңгеге жуық. Әрине, барлығы жобаға байланысты. Бір жерде бұл сан азырақ, бір жерде көбірек", - дейді ол.
"Теңге курсы еркін айналымға ауысқалы, құрылыс материалдарының тек шетелдік түрлері ғана емес, отандық материалдар да қымбаттады. Біздің кейбір өндірушілеріміз бағаны көтеруге негіз болмаса да, өнім бағасын өсіріп бағуда. Құрылыс салушылар қауымдастығына іретін топтардың деңгейінде осындай жағдайлармен күресіп жатырмыз", - дейді қауымдастық басшысы.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024