Астана. 2 қараша. 7kun.kz – Елордада жеңіл жүрісті қыздардан ақша бопсалаумен айналысқан «жалған полицей» ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Елордалық полицейлердің айтуынша, 23 жастағы жігіт интимдік қызмет көрсететін қыздардан ақшаны қорқытып алған.
«Күдікті қыздарға пәтерге келіп, оларды қылмыстық жауапкершілікке тартамын деп ақша талап еткен. Бұл ретте қаскүнем полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігін көрсеткен. Полицейлер жігітті қалалық пәтерлердің бірінде жәбірленушіден 20 мың теңге алып жатқан кезде ұстады», – деп хабарлады ПД-да.
Жеке тінту кезінде одан полиция қызметкерінің куәлігі мен ақша тәркіленді. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024