Астана. 8 желтоқсан. 7kun.kz - 2015 жылдың 1 желтоқсанындағы мәлімет бойынша, елордада 16 704 жұмыс орны пайда болды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Атап айтқанда, өнеркәсіп саласында – 1350, көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдарды жөндеуде – 3895, көлік және қоймалауда – 1053, білім мен денсаулық сақтау саласында – 2842, құрылыста – 2498 орын. 5056 орын экономикалық қызметтің басқа түрлерінде бар.
Сонымен қатар, 2015 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы арқылы 5434 адам жұмысқа орналасты, 589 түлек жастар іс-тәжірибесіне жіберілді және 628 адам жаңа мамандықты игеру мақсатында қайта даярлаудан өтті. 115 адам әлеуметтік жұмыс орындарына бағытталды.
Фото:vk.com
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024