Астана. 19 қыркүйек. 7kun.kz – Астананың орталық саябағындағы саябақтардың біріне Екінші Елизавета патшайымның есімі беріледі. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ол 18 қыркүйекте Мәулен Әшімбаев Вестминстер холлында патшайыммен қоштасу рәсіміне қатысып, көңіл айту ресми кітабына Қазақстан Республикасы атынан жазба қалдырды.
Сондай-ақ ол Король ІІІ Чарльзге ҚР президенті мен Қазақстан халқының атынан жеке көңіл айтып, Астанадағы жаңа саябақтардың біріне патшайымның атын беру туралы шешім қабылданғанын хабарлады.
Британ монархы 1996 жылы тақ ханзадасы ретінде Қазақстанға жасаған сапарын еске алып, марқұмға жасалған құрметке ризашылық білдіріп, ел басшылығы мен халқына ізгі тілегі мен алғысын жеткізді.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024