Астана. 12 қаңтар. 7kun.kz - Астана қаласының тұрғыны қыс мезгілінде екі баласымен далада қалуы мүмкін. Себебі пәтерді жалға беруші тұрғындарды көшіру уақытша тіркеуге байланысты екенін түсіндірген.
— Жалға беруші мемлекеттік тұрғын үйде кезекте тұрғанын, пәтер өздерінің атында емес екенін, сондықтан мұнда қалмау керектігімізді түсіндірді. Ол бізге 24 қаңтарға дейін көшіңдер деп уақыт берді. Бірақ осынша қысқа мерзімде басқа пәтер таба алмай далада қалам ба деп қорқамын", - дейді Ботакөз Сұлтанова krisha.kz сайтына берген жауабында.
Оның сөзінше, жағдай қиындап барады. Өйткені алты жасар үлкен ұлы Әділ онкологиялық дертке шалдыққан. Яғни 4 сатылы ходжкиндік емес лимфома және лейкемиямен ауырады. Тіпті аз уақыт бұрын инфекция салдарынан баланың көзі де көрмей қалған.
— Әділ 2013 жылдан бері ауырып келеді. Оны шетелде емдету үшін көлігіміз бен менің атыма тіркелген пәтерді саттық. Қазіргі кезде күйеуім "мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбилеп отырған отбасы" категориясы бойынша мемлекеттік тұрғын үй үшін кезекте тұр. Осыған байланысты жедел көмек көрсету үшін тіркеу тек бір жерде болу керек", - дейді Әділдің анасы.
Қазіргі кезде Ботагөз астаналықтардан көмек сұрап отыр.
— Бізге Астанадан міндетті уақытша тіркеуде тұра алатын, ақысы коммуналдық қызметпен қоса алғанда 70000 теңге болатын бір бөлмелі пәтер керек. Қоғамдық көлікке жылдам қатынау үшін вокзал, Герцен көшелері маңында болса тіпті жақсы. Өйткені көлігіміз жоқ. Ертең тағы далада қалмас үшін ұзақ мерзімді келісіммен тіркелгім келеді. Түсінем, қазір бәріне оңай болып жатқан жоқ. Бірақ шарасыз күйде отырмыз.
Қазіргі кезде Ботагөз баладарына қарап отырғандықтан жұмыс істемейді. Әділге мүгедектігі үшін берілетін зейнетақы мен жәрдемақы - 52 000 теңге. Бұдан бөлек пәтер ақысы мен бес жасар қызы Адияның балабақшасына төленетін ақша бар. Отбасында тек жұбайы ғана жұмыс істейді.