Астана. 28 қараша. 7kun.kz - Астана Қоғамдық кеңесінің отырысында 2017-2019 жылдарға арналған қала бюджетінің жобасы бекітілді. Басты қаржылық құжаттың жобасын әкім орынбасары Андрей Лукин таныстырды деп хабарлайды Астана қаласының баспасөз қызметі.
Астананың алдағы 2 жылға арналған бюджет көлемі 660,5 млрд теңге сомасында бекітілді, соның 219 млрд теңгесі келесі жылға бөлінген. Қала қазынасының негізгі бабы әлеуметтік сала.
«Алдағы жылы әлеуметтік саланың өзіне ғана 90 млрд теңге шығын немесе жалпы бюджеттің 41,3% көлемінде жоспарланған», – деп жазады әкім орынбасары.
Сөз сөйлеу барысында Андрей Лукин алдағы жылы Астананың республикалық бюджетті қалыптастыруға қандай көлемде үлес қосатынын хабарлады.
«Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заңға сәйкес, келесі жылға арналған бюджеттен жұмсалатын қаржы шамамен 20,5 млрд теңге. Яғни осыған дейін бүкіл ел болып Астананы салса, енді Астана республикалық бюджетке қаржы құяды», – деді Андрей Лукин.
Сондай-ақ, ол келесі жылы жергілікті бюджет қандай көлемде кіріс алуды жоспарлап отырғанын хабарлады және елорданың жеке кірістерінің басты көзі еңбекақы төлеу қорының салықтық түсімдері екенін атап көрсетті. «2017 жылға түсімдер бойынша бюджеттің жобасы жеке кірістер бойынша 212 млрд 550 млн теңге көлемінде бекітілді, биылға жоспарланған бюджетке қатысты өсім 32,5 млрд теңге немесе 18%.
«Атап өтерлігі, жергілікті бюджеттің кірістерінде салық түсімдерінің үлес салмағы басым –90-нан 97% -ға дейін. Соның ішінде, елеулі үлес еңбекақы төлеу қорының салықтарына келеді – төлем көзінен алынатын кірістерге жеке кіріс салығы – 43% және әлеуметтік салық – 36%», – деді әкімнің орынбасары.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024