Астана. 21 сәуір. 7kun.kz - Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрме қарсаңында соңғы үлгідегі жаңадан салынған «Нұрлы Жол» жаңа вокзалы пайдалануға беріледі. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Жоба аясында Астана теміржол телімінің инфрақұрылымын дамыту мен вокзал кешені құрылысын жүргізу жұмыстары атқарылады. Астана инфрақұрылымды дамыту арқылы жүк және жолаушылар ағынын ұлғайту көзделеді. Қаланың ішкі теміржол нысандарын дамыту құрылысына алдыңғы қатарлы инновациялық технология пайдаланылады. Шудан қорғайтын құрылғымен қапталған теміржол эстакадасы қаладағы көлік ағынына кедергі келтірмей, жолаушыларды жаңа теміржол вокзалына жеткізеді.
Жаңа вокзал тәулігіне 35 мың жолаушыны өткізе алады. Ал ескі вокзал арқылы күніне 12 мың жолаушы өтуі тиіс болса, онда іс жүзінде 18 мың жолаушыға дейін кіріп-шығады. Ғимараттың аумағы 120 мың шаршы метр. Негізгі күту залынан бөлек әлемдік талаптарға сай қонақүйлік бөлмелер, қолайлы сақтау қоймалары, ана мен бала бөлмесі, медициналық кеңселер, фудкортттар, мейрамханалар, 1500 орындық ішкі және сыртқы паркингтер қамтылған.
[caption id="attachment_68125" align="alignnone" width="1000"] Фото: railways.kz[/caption]Жолаушылардың кезек күтіп қалмауын болдырмау үшін кезекті басқарудың замануи қондырғысы, билетті электронды сату жүйесі, Интернетке шығу мүмкіндігі жасалады. Жолаушыларды төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында лаңкестік оқиғалардың алдын алудың кешенді мүмкіндігі жасалады. Оның жолаушыларды тексеріп кіргізу құрылғысы, бейнебақылау жүйесі орнатылады. Ғимараттың іші сыртында қозғалыс тәртібі тәулік бойы бақыланады. Жаңа вокзал 1300 адамды жұмыспен қамтиды. 15 мамырда жалпы құрылыс жұмыстары аяқталып, 1-маусымда вокзал кешені инфрақұрылымының инженерлік коммуникациялық және пойыз қозғалысын интеллектуалдық басқару жүйесі, жолаушыларға қызмет көрсетуі тестілік сынақтан өткізіледі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024