1 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде 6,4 млн тонна астық бар, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров шикізат тапшылығына байланысты кейбір ұн тарту кәсіпорындарын тоқтату туралы БАҚ-тағы бірқатар соңғы жарияланымдарға түсініктеме берді.
"Бірден айта кетейін, астық тапшылығы жоқ. Астық республикада жеткілікті мөлшерде бар. Көпшілікті дүрбелең тудырмауға шақырамыз. Алдын ала мәліметтер бойынша, 1 сәуірдегі жағдайды есептей келе елде 6,4 млн. тонна астық бар. Бұл көлем өзін-өзі қамтамасыз етуге және бір бөлігін экспортқа, оның ішінде ұн түрінде жіберу үшін де жеткілікті», - деді вице-минстр.
Сапаров елдегі ұн көлемі туралы да мәлімет берді.
"Ұнға келетін болсақ, 7 сәуірдегі жағдай бойынша бұл қорлар 118 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде тұрақтандыру қорында 10 мың тонна, 22 мың тонна айналым схемасы шеңберінде, 48 мың тонна өндірушілерде, шамамен 20 мың тонна қоймаларда және сауда объектілерінде 18 мың тонна", - деді ол.
Сонымен қатар, азық-түлік корпорациясының ресурстарында 800 мың тоннадан астам астық бар. Ол қажет болған жағдайда тұрақтандыру үшін ішкі нарыққа жіберіледі.
Спикердің айтуынша, қазіргі қордағы 6,4 млн тонна астықтың 3,4 млн тоннасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде сақтаулы, ал олар өз өнімін қымбатырақ сатқысы келеді.
«Ішкі нарықта тапшылық тудырмау үшін және ұн тартатын кәсіпорындарға жүктемені азайту мақсатында Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия 15 сәуір мен 15 маусым аралығында бидай мен ұн экспортын квоталау шешімін қабылдады. Бидай квотасының көлемі – 1 млн тонна, ұн – 300 мың тонна», – деді вице-министр.
Сондай-ақ ішкі нарықтағы нақты жағдайды бағалау үшін Министрлік ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірлерде бидайдың бар-жоғын түгендеу жұмыстарын бастағанын хабарлады.
«Осылайша Үкімет ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен толықтыру шараларын бастады», – деді Айдарбек Сапаров.
Айта кетейік, бұған дейін Астық өңдеушілер одағы елімізде бір жарым аптаға ғана жетерлік бидай қоры қалғанын мәлімдеген еді. Астық өсірушілер мен өңдеушілер бидайды бөлісе алмай дау туғаны, бидай таусылса барлық диірмендер жұмысын тоқтатуға мәжбүр екені айтылған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024