
Алматы. 7 наурыз. 7kun.kz – Мемлекет басшысының Өкімімен Асылжан Мамытбеков Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Бұдан бұрын Мамытбеков Қостанай, ОҚО, Астана қаласы әкімдерінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2007-2008 жылдар аралығында премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2008-2011 жылдар аралығында «ҚазАгро» холдингінің басшысы болған.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарған.