Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz — Қырғызстан соты экс-президент Алмазбек Атамбаевқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы қорғаушының өтінішін қанағаттандырмады, деп хабарлады бұрынғы мемлекет басшысының қорғаушысы Сергей Слесарев.
"Өкінішке орай, сот отырысы жабық режимде өтті. Атамбаевты қамауға алу туралы шешім өзгеріссіз қалды", - деді Слесарев.
Еске сала кетейік, 7 тамызда Бішкектен 20 км қашықтықта орналасқан Қой-Таш ауылында Қырғызстан МҰҚК "Альфа" тобының арнайы күштері бұрынғы мемлекет басшысының жақтастарымен қақтығысқа ұласқан Атамбаевты күшпен ұстау операциясын өткізді. Нәтижесінде арнайы жасақтың бір қызметкері қаза тапты. "Альфаның" алты қызметкері кепілге алынып, келесі күні босатылды.
Қақтығыс 8 тамызда жалғасты. Осыдан кейін Атамбаев Қырғызстан құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылды.
8 тамыз күні кешкісін милиция Бішкек орталығында жиналған 1,5 мыңға жуық Атамбаевтың жақтастары үшін арнайы құралдарды қолданды. Екі күн ішінде Қой-Таш ауылы және Бішкекте 170 адам зардап шекті, оның 79-ы - құқық қорғау органдарының қызметкерлері.
Атамбаев сот шешімімен қамауға алынып, 26 тамызға дейін МҰҚК тергеу изоляторына орналастырылды. Оның мүлкіне, соның ішінде "Апрель" телеарнасы тыйым салынды.
Атамбаев бірнеше ауыр қылмыс жасады, оның ішінде тәртіпсіздіктер ұйымдастырды және 7-8 тамыздағы оқиғалар кезінде кісі өлтірді деген күдікке ілінгендігі туралы хабарланды. Оған Бішкектегі ЖЭО-ны модернизациялауда және елордалық жылу орталығына көмір жеткізуде жемқорлық жасады деген айып тағылды.
Сонымен қатар, Атамбаев тау-кен саласында лицензия беру кезінде қылмыстық кірістерді заңсыз байытуға және заңдастыруға және сыбайлас жемқорлықты ұйымдастыруға күдікті болып отыр.
Атамбаевқа тағылған басқа да айыптардың ішінде Бішкектегі "Форум" ғимаратын меншікке заңсыз беру, онда экс-президент құрғансоциал-демократиялық партияның штаб-пәтері және оған тиесілі "Апрель" телеарнасы орналасқан, сондай-ақ Бішкек түбіндегі Қой-Таш ауылында жер учаскесін заңсыз сатып алу бар. Атамбаевқа қатысты тағы бір қылмыстық іс - 2013 жылы Азиз Батукаевтың заңсыз босатуылуы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024