“Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы “KAZNEX INVEST” АҚ экспорт және инвестиция тарту бойынша ұлттық агенттігінің 49% акциясын сенімді басқаруына ие болды. Бұл туралы ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Новости-Казахстан хабарлайды.
“2015 жылдың 25-шілдесінде ҚР Өңірлік Даму Министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен “Атамекен” ҰКП-мен болған келісім-шартқа “KAZNEX INVEST” АҚ-ның 49% акциясы келесі сату-сатып алу құқығынсыз “Атамекен” ҰКП-ның сенімді басқаруына берілді” – делінген баспасөз хабарламасында. Хабарламада анықталғандай, ҚР “Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы” заңында кәсіпкерлікті дамыту, сыртқы экономикалық әрекеттерді қолдау және инвестиция тарту салалары бойынша қызметтер қарастырылған. Аталған қызметке отандық кәсіпкерлерді жарнамалық қолдау, шетелдік өндірушілермен серіктес болу, бизнес әліппесін үйрету, ҚР аумағына халықаралық бизнес-көрмелерді ұйымдастыру сынды қызмет түрлері жатады. Палатаның сенімді басқаруындағы 49% акция ҰКП-ға жаңа бизнес-қауымдастықтарды құруға, жауапты шаралар қабылдауға мүмкіндік береді деп күтілуде. “KAZNEX INVEST” АҚ-ның калған 51% акциясы бұрынғысынша ҚР Өңірлік даму министрлігінің иелігінде қалды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024