Теңгенің еркін айналымға өтуі «АТФБанк» АҚ қызметіне жағымсыз ықпалын тигізген жоқ. Бұл туралы АТФБанк баспасөз қызметі хабарлайды.
«Экономикадағы жинақталған үйлесімсіздіктерді ескере отырып, Банк менеджменті ұлттық валюта бағамына түзетулер жасалатындығын күткен еді және осы оқиғаның Банк қызметіне ықпалын жеңілдету үшін барлық қажетті шараларды алдын-ала ойластырып қойды. Осылайша, Банк ағымдағы жылдың тамызында ұлттық валютаның еркін айналым режиміне өту нәтижесінде болған жағымсыз ықпалды сезінбеді. Қазіргі сәтте Банк өзінің өзгерістер стратегиясын жүзеге асыруды жалғастырып отыр, ол Банктің барлық қызмет салаларындағы тұрақты жақсару бағдарламасына негізделеді. Біз жоспарлы түрде операциялық тиімділік пен сервис сапасын жоғарылатып отырмыз, ол нарықтағы жағымсыз жағдайларға тойтарыс беруге мүмкіндік береді», – дейді АТФБанк Басқарма төрағасы Энтони Эспина. Өтімділікті жақсарту стратегиясы аясында және ұзақ мерзімді қорландыруды қамтамасыз ету мақсатында, Банк жалпы сомасы 61,7 млрд теңгені құрайтын теңгедегі 10 жылдық субординацияланған облигацияларды және айналым мерзімі 8-10 жылға тең жалпы сомасы 56,6 млрд теңгены құрайтын теңгедегі үлкен облигацияларды орналастырды. Субординацияланған облигациялар 2015 жылдың басынан бастап жиынтық реттемелі капиталдың 1,7 есеге өсуіне алып келді, ол ағымдағы қиын-қыстау нарық жағдайында Банктің тұрақты екендігіне зор сенімділікті оятады. Банктің капиталдандыруының өте маңызды ұлғаюы орташа мерзімді болашақта Банк активтерінің әрі қарай өсуі, оның кірістілігі мен қаржылық тиімділігін арттыру үшін қажетті қаржылық алғышарттарды қалыптастырады. АТФБанк өз балансындағы жұмыс істемей тұрған несиелер деңгейін қысқарту бойынша жақсы нәтижелерге жетті, ол да ҚР Ұлттық Банкі талаптарының бірі болды. 90 күннен аса мерзімі кешіктірілген төлемдері бар кредиттер үлесі 2015 жылдың басындағы 31%-дан бірінші жарты жылдықтың аяғында 15%-ға дейін төмендегендігі анықталды. Бұл көрсеткіш өндіріп алулар және проблемалық берешекті қайта құрылымдау, есептен шығару, кепілді қамтамасыз етудің монеталандырылуы, кредиттік мәмілелер бойынша талап ету құқықтарын қайта табыстау және сату нәтижесінде пайда болды. «Біз шағын және орта бизнесті кез келген дамушы экономиканың өсіп-өркендеуінің қозғалтқышы ретінде қарастырамыз және өз клиенттерімізді осындай маңызды бағытта қолдауды жалғастырамыз», деп толықтырды Басқарма төрағасы.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024