Алматы. 10 ақпан 7kun.kz - Атырау қаласы кәсіпкерлерінің шағымдары негізінде "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының филиалы бизнеспен нашар жұмыс істейтін мемлекеттік органдар рейтингін құрастырды. "Қара тізімдегі" бірінші орын Атырау қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөліміне тиесілі.
Аймақтық палатаның басшысы Асылбек Жакиевтің сөзінше, өткен жылы барлығы 5288 шағым келіп түскен, оның ішінде 198-і көмек пен қорғаныш сұрайды. Олардың 96-сы кәсіпкерлердің пайдасына шешілген. "Осы шағымдарға сараптама жасай отырып, біз кәсіпкерлер үшін проблемалы сфераларды анықтады. Біріншісі - жер қатынастары бөлімі, шағымдардың 36%-ы осы органның үлесіне келеді. Екіншісі - салық, үшіншісі - табиғи монополиялармен жұмыс сферасы", - деп атап өтті Жакиев брифингте.
Өткен жылдары да "қара тізімде" жер қатынастары бөлімі мен архитектура және құрылыс бөлімі болған еді. 2016 жылы бірінші органның шенеуніктері жұмыс сапасын өзгертіп, шағымдар да азайды.
Кәсіпкерлер салық органдарында көбінде заңсыз ескертулер үшін шағым жасайды. Әсіресе, "ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясына қатысты. Көбінде техникалық жағдайдың қиындығына, газбен қамтамасыз етуге қосылу үшін алдын-ала 100 пайыздық төлем жасау керектігіне және кәсіби-техникалық қызметтің шарттарына наразылық білдіреді.
Сондай-ақ өткен жылы тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне қатысты шағым да көбейген. Кәсіпкерлердің сөзінше, ведомство жазған ескертпелердің мерзімі қысқа, ол уақыт аралығында қателіктерді жою мүмкін емес. Нәтижесінде, айыппұл салынады.
"Қара тізімнен" бөлек бизнес-қауымдастық 2016 жылы бизнеспен ең жақсы қарым-қатынас орнатқан органдар аталды. Олардың қатарында мемлекеттік қызмет істері бойынша агенттік департаменті және архитектура, қала құрылысы бөлімдері бар.