Атырау. 17 тамыз. 7kun.kz - Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты 18 тамыз-29 қыркүйек аралығында жоспарлы жөндеу жұмыстары үшін жабылады, деп хабарлайды зауыттың баспасөз қызметі.
Жөндеу барысында жабдықтар техникалық тексеруден өтіп, сору-компрессорлық құрылғы тексеріледі, құбырлар мен технологиялық пештердің жұмысы текеріліп, энергетикалық жабдықтарына профилактикалық жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ары қарай жөндеу жұмыстары 3-4 жылда ғана жүргілімек. "Жөндеу жұмыстары жанармай нарығының тұрақтылығына әсер етпейді. Жөндеу кезінде МӨЗ қосымша қоймасында жеткілікті жанармай жинақталған. Бұл аймақтың қажеттілігін толықтай қаматамасыз етеді" делінген баспасөз хабарламасында. Айта кетейік, Қазақстанда үш мұнай өңдеу зауыты бар: Атырау, Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттары. Бұлардың барлығын ҚазМұнайГаз бақылайды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024