Атырау облысы. 2 тамыз. 7kun.kz – Суға батып кеткен Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылышовтың денесі табылды, деп хабарлайды7kun.kz «Мой город-қа» сілтеме жасап.
«1 тамыз күні кешке құтқарушылар Жайық өзенінен Махамбет ауданының әкімі Ринат Жаңғлышовтың денесін тапты», - делінген хабарламада.
Басылым жазуынша, әкім 31 шілде күні сағат 22.30 шамасында Ортақшыл ауылында белгісіз жағдайда суға батып кеткен.
Қазір құқық қорғау органдары тергеу жүргізуде.
«Ринат Жанқылышов 2021 жылдың ақпанында Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалған. Ол әріптестерінің жадында өз ісінің кәсіби маманы ретінде қалды. Атырау облысының әкімі және оның барша әріптестері Ринат Бауыржанұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады, – деп атап өтті Атырау облысы әкімдігінде.
Еске салайық, кеше Атырау облысы Ортақшыл ауылында Жайық өзенінде белгісіз жағдайда 1982 жылы туған аудан әкімі суға батып кеткені туралы хабарланған болатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024