Атырау облысы. 7 қыркүйек. 7kun.kz – 22 жастағы Аянгүл Сәбитова Атырау облыстық перинаталдық орталығында үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Өмір есігін ашқан нәрестелердің үшеуі де ұл. Олардың екеуінің салмағы 1 келі 800 грамм, үшінші сәбидің салмағы – 2 келі 200 грамм.
«Балалар анасының қасына шығарылды. Жас ана болған соң сәбилерді бағып, ем-дом жасауға арнайы медбикелер бекітілді. Қазіргі таңда олар ауруханада дәрігерлердің бақылауында», – деді орталықтың шала туған нәрестелер патологиясы, II кезең күту бөлімшесінің меңгерушісі Түрлен Бегеева.
Жас ана жүктіліктің 34 аптасында кесір тілігі арқылы үшемді дүниеге әкелген.
Шұғыл ота орталық директорының орынбасары, білікті акушер-гинеколог дәрігер Асқар Кенжеғалиевтің жетекшілігімен өтті.
Айта кетейік, Атырау облысында жыл басынан бері 11 333 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 114 егіз бала бар. Өткен жылдың 8 айында 109 егіз өмірге келген еді. Ал үшем соңғы екі жылда тіркелмеген болатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024