Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова Атырау облысындағы жұмыс сапары барысында өңірде «Іскер ана» жобасының іске қосылатын мәлімдеді.
Вице-премьердің айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанның барлық қалаларында көпбалалы аналарды жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасалуда. Мәселен, Ақтөбеде тәлімгерлік өте жақсы дамыған, мамандығы бойынша маман әрбір ана үшін жеке оқытуды қамтамасыз ете алады.
«Атырауда жақында «Іскер ана» жобасы іске қосылды, онда әйелдерге бастауыш мамандық беріледі, қайта даярлау да өткізіледі», – деді Гүлшара Әбдіқалықова Атыраудағы азаматтарды жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысу кезінде.
Жұмыспен қамту орталығының директоры Гүлнәр Құспанованың хабарлауынша, өткен жылы облыста 24 674 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 16 666 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.
Сондай-ақ, Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапары барысында өңірдегі тұрғын үй құрылысы алаңына барып, нысандармен танысты.
«72 пәтердің бірінші блогын іске қосу 2019 жылдың наурызына жоспарланған. Шілдеде тұрғын үй кешенінің құрылысы толығымен аяқталады. Тұрғын үй медициналық қызметкерлерге, мемлекеттік қызметкерлерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне берілетін болады», – деді Атырау облысының құрылыс басқармасының бастығы Малик Аманов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024