Алматы. 26 наурыз. 7kun.kz - 2018 жылғы 24 наурызда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында газ-химиялық жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық бойынша құжатқа қол қойды.
Атырау облысындағы полипропилен өндіру жобасы бойынша ынтымақтастыққа қатысты Өзара түсіністік туралы меморандумға да Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ («Біріккен химия компаниясы» ЖШС) және Borealis компаниясы арасында қол қойылды. Меморандумға сәйкес Borealis полипропилен жобасына техникалық-экономикалық талдау және заң сараптамасын жүргізеді. Бұл жобаның құны 2,6 млрд АҚШ долларын, зауыттың қуаты жылына 500 мың тонна полипропиленді құрайды. Полипропилен өндіру бойынша жобаны қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ іске асыруда, атап айтқанда ЕРС мердігер анықталды, қарызды қаржыландыру тартылды, құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2021 жыл. Қазақстан Республикасында мұнай-газ-химия саласын дамыту үшін ерекше жағдайлар жасалғандығын атап өткен жөн. Атап айтқанда мемлекет жалпы зауыт инфрақұрылысын салуды қаржыландырады, жобаларды кепілді шикізатпен қамтамасыз етеді, салық және кеден бажынан босату қолданылады. Мемлекет инвестицияларды қорғауға кепілдік береді. Полипропилен және полиэтилен ең қажетті полимерлер болып табылады. Оларға барлық әлемдік қажеттіліктің 60 пайызы тиесілі. Мультипликативтік әсері туралы айтатын болса, мұнай-газ-химияға салынған әрбір доллар экономикаға 2-3 доллар өсім береді, және әрбір жаңа жұмыс орны онымен байланысты салаларда 7 жаңа жұмыс орнына дейін пайда болуға жағдай жасайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024