Атырау. 27 маусым. 7kun.kz – Атырауда қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан Алмаз Берекеновтің өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. 5 қаңтарда ер адамға облыс әкімдігінің жанында басына оқ тиіп, қаза болған, деп хабарлайды 7kun.kz «Ақ Жайық» газетіне сілтеме жасап.
27 қаңтарда Алмаз Берекеновтің өліміне кінәлі адамды табу туралы талаппен полицияға марқұмның тәтесі Жанна Берекенова жүгінген.
Қылмыстық іс «адам өлтіру» бабы бойынша қозғалып, оны Атырау облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға тергеушісі Дәурен Айдосынов жүргізген. 29 сәуірде іс «әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты» тоқтатылған. Алайда туыстары бұл туралы тек 21 маусымда білген.
«21 маусымда маған полиция департаментінен хат келді. Онда 23 мамырда белгіленген іс тоқтатылғаны жазылған. Келесі күні таңертең тергеушіге қоңырау шалдым. Ол хат 16 маусымда жіберілгенін айтты. Мен одан неге ол маған істің тоқтатылатынын алдын-ала хабарламағанын және неге хаттамамен таныспағанын сұрадым. Шын мәнінде, менің жиенімді атып өлтірген полиция қызметкері тергеу барысында анықталды. Менімен, отбасымызбен, туыстарымызбен кездескен жоқ, тіпті көңіл айтпады. Мен онымен кездесуді талап етемін. Неге ол тым болмаса кешірім сұрамайды?» – деді Жаннат Берекенова.
Оқ атқан полиция қызметкері қылмыстық іске күдікті ретінде емес, куәгер ретінде қатысты. Жауап алу кезінде ол басын нысанаға алмағанын, бүйірге оқ атқанын, бірақ оқ қатты жабыннан секіріп кеткенін айтты. Тергеуші Айдосынов Беркеноваға полицейдің куәгер ретінде өткенін, себебі оның өзін қорғауға құқығы болғанын айтты. Прокуратура қарудың өзін қорғау үшін қолданылғанын, бұл заңды әрекет екенін айтты.
Берекенова қылмыстық істі тоқтату туралы шешімді заңсыз деп тану және әділ тергеу жүргізу талабымен прокуратураға шағым беруге ниетті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024