Атырау. 27 наурыз. 7kun.kz - Атыраулық кәсіпкерлер еңбекпен түзеу орындарында қамауда отырған азаматтарды жұмыспен қамтып отыр.
«Арнайы режимдегі мекемелерде өздерінің қызметін осы уақытта шағын және орта бизнес саласындағы 7 кәсіпорын жалғастыруда. Ерлер колониясында 2 кәсіпорын, ал әйелдер колониясында 5 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Қамауда отырған 90 адам жұмыспен қамтылған», - деді облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының жеткшісі Дияс Жәнібеков.
Оның айтуынша, қамауда отырған қызметкерлер өнімдерін - қағаз пакеттер, тігін өнімдері мен ағаш бұйымдарын кәсіпкерлер облыста саудаға салады. Олар өз тауарларын саудалау үшін көрші аудандармен байланысқа шықпақ ниетте. «Біз оларға жазасын өтеу орындарында отырған адамдардың қолынан шыққан өнімдерінің таныстырылымын жасауға қолдау көрсеттік», - деді Жәнібеков.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/atyraulyk-biznesmender-sottalgan-90-adamdy-zhumyspen-kamtydy_a3011057
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024