Алматы. 8 қаңтар. 7kun.kz – Жақында ғана Илон Маск өзінің Тесласын Марсқа аттандырған еді. Енді Ауди да ғарышқа аттанатын болды. Алайда Марсқа емес, сапар айға бағытталған. Сондай-ақ, ол ауди сериясы емес, мини-ровер болады. Әрқайсысында аудидың таңбасы бейнеленген.
Роверлер Audi Lunar Quattro деп аталады. Ал, оларды айға ALINA (автономды қондыру және навигациялық модуль)алып барады.
Жобамен PT Scientists берлиндк энтузиастар командасы айналысады. «PT» әріптері «Part-Time» дегенді білдіреді. Жалпы алғанда, ғалымдар мен инженерлер өздерінің негізгі жұмысынан бос уақытта жұмыс істейді.
Эксперимент бағдарламасы бірнеше неміс университеттерінде және НАСА-ның қатысуымен әзірленді. Audi компаниясы бұл жобаны қаржыландырады, сондай-ақ, ол ақшаны ғана емес, сонымен бірге жарық энергетикалық құрылымдар саласындағы тәжірибесімен де демеушілік етеді. Бұдан басқа, бүкіл робот 3-D принтерлерінде басып шығарылады. Сондықтан олардың Кваттродағы логотипі бекерден емес.
Сондай-ақ, мұнда да Масктың көмегінсіз болмады. Алина мен Quattro-ны айға SpaceX компаниясындағы Falcon 9 жеткізеді . Ұшыру 2019 жылдың жазында, яғни Аполло 11 ұшуының 50-жылдығына жоспарланған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024