Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Audi басшысы тұтқындалды

Audi басшысы тұтқындалды

Алматы. 18 маусым. 7kun.kz – ГФР құқық қорғау органдары «дизельдік дауға» байланысты Audi автоконцернінің басшысы Руперт Штадлерді қамауға алды деп хабарлады ТАСС агенттігі Suddeutsche Zeitung газетіне сілтемемен.

«Біз Штадлердің бүгін таңертең уақытша қамауға алынғанын растаймыз. Қазіргі уақытта тұтқындау негіздері тексерілу үстінде», - деді Audi өкілі басылымға берген сұхбатында.

11 маусым Мюнхен прокуратурасы Штадлерге қатысты «алаяқтық және жанама жалғандық жасады» деген күдікпен іс қозғап, оның пәтерінде тінту жүргізгені белгілі болды. Audi басшысы осы уақытқа дейін «дизельдік дауға» байланысты тұтқындалған неміс автоконцернінің ең жоғары лауазымды қызметкері болып отыр.

Оған қоса біраз уақыт бұрын Volkswagen  тобына кіретін Audi компаниясының тағы бір басқарма басшысына қатысты іс қозғалған еді. Оның пәтерінде де тінту жұмыстары жүргізілді.

Похожие материалы