Әлемдік қаржы жүйесіне айтарлықтай қауіп төндіретін банк деп JPMorgan Chase & Co атты америкалық алпауыт банк аталды. Бұл ақпарат АҚШ-тағы Минфин қаржы зерттеулер Қызметі жасаған баяндамада мәлім болды.
Құжатта 2013 жылдың қорытындысы бойынша, банк жүйелік тәуекел көрсеткіші 5,05 пайыз болса керек (көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын қаржы жүйесіне төнер қауіп те жоғарылайды). Одан кейінгі екінші орында Citigroup 4,27 пайыз, үшінші орында — Bank of America 3,06 пайыз. Алғашқы бестіктің қатарында Morgan Stanley (2,6 пайыз) және Goldman Sachs (2,48 пайыз) банктері бар. Ұйымның жалпы тізіміне 250 млрд доллардан аса активтері бар АҚШ-тың 33 банкі енген.«Бұл банктердің күйреуі халықаралық қаржы жүйесіне қауіп төндіреді», — делінген зерттеуде.
Жүйелік тәуекел банктің құрылымының күрделілігімен, мөлшерімен, халықаралық операциялар көлемімен сипатталды. Бағалау әдістемесін Базель банктерді бақылау комитеті әзірледі.
Қаржылық зерттеу қызметі 2007-2009 жылдардағы дағдарыстан соң құрылған болатын. Бұл қызмет америкалық реттеушілерге қаржы нарығына талдама жасауға көмектеседі. Қызмет үшін төлемді банктердің өзі жасайды.
JPMorgan — әлемдегі ірі қаржылық корпорациялардың бірі. Компанияның активтері шамамен 2, 4 трлн долларды құрайды. 2013 жылы банк АҚШ үкіметінің наразылығына байланысты бірнеше рет БАҚ-тың назарына ұшыраған еді. Банк шараларына зерттеу жүргізуге сегіз шақты федералды ұйымдар мен елдің реттеушілері қатысты. Банкке салынған айыппұлдардың жиынтық мөлшері 13 млрд доллардан асып түсті.
Ақпарат көзі: kapital.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024