Аустриялық Vorarlberger Landes- und Hypothekenbank AG (Hypo Vlbg) банкінің басшысы Михаэль Грахаммер "Панама құжаттарына" қатысты зерттеуден кейін отставкаға кету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.
Bloomberg агенттігі атап өткендей, М.Грахаммер - еуропалық банктер арасында осындай қадамға барып отырған бірінші топ-менеджер. Дегенмен Нypo Vlbg басшысы қаржы ұйымы ешқандай заңды немесе санкцияны бұзбағанын айтып отыр. М.Грахаммер 2012 жылдан бері Форарльберг жерінде ипотекалық банкті басқарып келген және 2004 жылдан бастап директолар кеңесінің құрамына кірген.
Айта кетейік, немістің Süddeutsche Zeitung басылымы мен Халықаралық журналистік тергеу консорциуымы (ICIJ) және ұйымдастырылған қылмыс пен жемқорлықты зерттеу орталығы (OCCRP) әлем бойынша офшорлы тіркеуші ретінде танылған Mossack Fonseca заң фирмасына қатысты ақпаратты жариялады. Әрі оны орналасу аймағына байланысты «Панама құжаты» деп атады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024