Алматы. 11 сәуір. 7kun.kz – 2017 жылдың наурыз айында өсімдік және ауыл шаруашылығы өнімдері 2016 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 1,7 пайызға қымбаттады. Ал мал шаруашылығы өнімдерінің бағасы 0,5 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті хабарлады.
Жыл басынан бері қарабидай бағасы - 4,5 пайызға, жүгері – 2,9 пайызға, күріш – 1,2 пайызға, арпа – 0,8 пайызға, бидай – 0,6 пайызға, сұлы – 0,3 пайызға, ал қарақұмық бағасы – 2,4 пайызға өсті.
Картоп - 7,2%, пияз - 4,5%, сәбіз - 3,5%, қырыққабат - 1,3%, қызылша - 0,7 пайызға қымбаттады.
Ал қой етінің бағасы – 2,7 пайызға, ірі қара еті – 2,4%, шошқа еті - 2,1%, жылқы етінің бағасы 1,4 пайызға өсті. Құс етінің (0,5%) мен жұмыртқа (8,8%) бағасы керісінше төмендеді. Ал шикі сүт 3,9 пайызға қымбаттады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024