Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ауыл шаруашылығы экс-министрі Мамытбеков осы министрлікке жауапты хатшы болып тағайындалды

Ауыл шаруашылығы экс-министрі Мамытбеков осы министрлікке жауапты хатшы болып тағайындалды
Алматы. 30 мамыр. 7kun.kz - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Асылжан Мамытбеков ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі. Мамытбеков 2011 жылдан бері ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарған. 2008-2011 жылдары “ҚазАгро” ұлттық басқарушы холдингі акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінде болды. 2007-2008 жылдары Қазақстан премьер-министрінің канцеляриясы басшысының орынбасары болды. 2016 жылы маусым айында Астана банкінің тәуелсіз директорларының құрамына кірді. Сонымен қатар, ол Астана қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Похожие материалы