Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты соңғы бес жылдың ішінде 1,3 есеге өсті және 2015 жылдың қорытындысы бойынша 1,1 млрд долларға жетті, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
«Сіздер білесіздер, біздің еліміз бидайды экспорттайды. Біздің пайымдауымызша азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын құру түрлі бағдарламалар мен жобалар аясында жыл сайын бидайды экспорттауды 1 млн тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев.
Ведомствоның ақпараты бойынша, қазіргі уақытта еліміздегі ауыл шаруашылығы жерлерінің ауданы 200-ден астам млн гектарды құрайды.
«Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2015 жылы 4,4%-ға өсті және 2,7 трлн теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты соңғы бес жыл ішінде 1,3 есеге өсті және 2015 жылдың қорытындысы бойынша ол 1,1 млрд АҚШ долларына жетті», – деп мәлімденді министрліктен.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024