Астана. 29 наурыз. 7kun.kz - "Ауыл шаруашылығын қаржылау қолдау қоры" АҚ ("ҚазАгро" еншілесі) тәуекелді басқару жүйесін жетілдіріп, алаяқтыққа тексерген соң кредит беру жүйесін автоматтандырып жатыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Өтелген немесе өтелмеген кредиттерді тексеру кезінде 2015 жылы қор қызметкерлері ұйымның Шығыс Қазақстандағы өкілдігінде жалған жеке тұлғалардың атына рәсімделген кредиттер анықталған.
«Анықталған заңбұзушылықтар аясында 2014-2015 жылдары жалпы сомасы 132,5 млн теңге заңсыз кредит алғаны үшін құқыққорғау органдарына қылмыстық іс қозғау туралы деректер жіберілді. Қылмыстық істер жалпы сомасы 101,8 млн теңгені құрайтын 22 кредит бойынша қозғалып, ондағы 17,1 млн теңгелік 4 кредит өтелді. 1 материал азаматтық негізде қаралып жатыр, ал жалпы сомасы 30,7 млн теңгені құрайтын 8 кредитке қатысты іс қайта қарауға жіберілді», - деп жазылған компания хабарламасында.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024