Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Avon-ның 2,5 мың қызметкері жұмыстан қысқартылады

Avon-ның 2,5 мың қызметкері жұмыстан қысқартылады

Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz - Нарықтағы ірі косметика өндіруші компаниялардың бірі Avon Products дүйсенбі күні 2,5 мың қызметкерін қысқартатыны (штаттың 7%-ы) және штаб пәтерін ауыстыратыны туралы жариялады.

130 жыл бұрын құрылған компания Нью-Йорк қаласындағы тіркелімін сақтап қалу арқылы штаб-пәтерін біртіндеп британдық қалаға ауыстырмақ. Avon Ұлыбританияда 1959 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Avon-ның баспасөз қызметі атап өткендей, көшу туралы шешім салық жинаумен байланысты емес. Тек компания  әкімшілік бірлікті өндіруші департаментке жақын орналастыруды көздеп отыр.

Айта кетейік, осыдан екі апта бұрын Avon  Солтүстік Америка бөлімін инвестиция қоры Cerberus Capital Management-ке 605 млн долларға сатты. The Wall Street Journal мәліметіне сәйкес, соңғы төрт жыл қатарынан корпорацияның тоқсандық түсімі азайған. Ал акциялары соңғы бір жылда 40%-ға арзандаған.

Сондай-ақ, компания шығын көлемін 2016 жылы 350 млн долларға қысқартқанын мәлімдеді.

Похожие материалы