
Алматы. 10 тамыз. 7kun.kz – Алматыда бұрынғы әйеліне пышақпен шабуыл жасаған азамат қамауға алынды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
«2022 жылғы 10 тамызда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының шешімімен күдіктіге қатысты екі айға дейін қамауда ұстау бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат қанағаттандырылды», –делінген хабарламада.
Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, 8 тамызда полиция Алматы автобусында бұрынғы әйеліне шабуыл жасап, оған пышақ жарақатын салған ер адамды ұстады. Оны автобустағы өзге жолушылар залалсыздандырған еді.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025