Алматы. 16 шілде. 7kun.kz — ІІМ Әкімшілік полиция комитетінде автокөлік жүргізушілерінің жолдағы орташа жылдамдықты арттырғаны үшін айыппұл қалай жоспарланатынын айтты.
"Қазіргі уақытта орташа жылдамдық ұғымы заңнамамен реттелмеген. Іс жүзінде біз орташа жылдамдықты мынадай түрде өлшеуді ұсынамыз: Егер Нұр-Сұлтан-Бурабай тас жолын алсақ, онда қаладан А пунктінен шығатын жерде жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеу жүйесі орнатылады, ол нақты марканы, автомобильдің мемлекеттік нөмірін, қаладан шығу уақытын белгілейді. Бурабайға кіре берісте Б пунктіне кіру уақытын белгілейтін келесі камера тұратын болады. Өткен жолды жұмсалған уақытқа бөлу арқылы автоматты жүйе орташа жылдамдықты есептейді", - деді Комитет төрағасының орынбасары Әлібек Кеңесбаев.
Ол Ішкі істер министрлігінде орташа жылдамдықты өлшеу үшін жолдың белгілі бір учаскесін өлшейтінін атап өтті.
«Мысалы, Нұр-Сұлтан-Бурабай тас жолында жеңіл автомобильдер үшін сағатына 140 шақырым жылдамдықпен шектеу қойылса, егер жүйе белгілі бір көлік құралының сағатына 150 шақырым жылдамдықпен өткенін анықтаса, онда әкімшілік жауапкершілік басталып, айыппұл салынады. Орташа жылдамдық өлшенетін учаскелер ұзындығы бойынша әртүрлі болуы мүмкін. Жолдардағы жағдайға байланысты 50 және 100 шақырым болуы мүмкін", - деп түсіндірді Әлібек Кеңесбаев.
Сондай-ақ, оның айтуынша, орташа жылдамдықты есептеудің мұндай әдістемесін енгізу ауыр зардаптары бар ЖКО орын алатын қала сыртындағы жолдарда жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024