Қазақстан автонесиелендіруге 10 млрд теңге бөледі. Бұл туралы брифинг кезінде ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.
"Біз автоөндірушілерімізді қолдап, жеңіл автомобиль сатып алуға 15 млрд теңге, жүк-жолаушы көлігін алуға 5 млрд теңге бөлінді. Бүгінде жеңіл көлік алу үшін несиелендіру бағдарламасын аяқталып қалды деуге де болады. Енді біз тағы да қолдау ретінде 10 млрд теңге бөлмекшіміз. Осы жылдың нәтижесі бойынша, елде шығарылған көліктердің 40 пайызының сатылымы автонесиелендіру бағдарламасы арқылы іске асырылатын болады",- деді Бақытжан Сағынтаев. Айта кетейік, бүгін Астанада ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың қатысуы арқылы брифинг өтті. БАҚ алдында Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов, премьердің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев және қаржы министрі Бақыт Сұлтанов та шықты. Олар үкіметтің теңгенің еркін курсқа өтуінен кейін қандай шаралар қабылданатығы туралы мәлімдеді. Толық мәлімдемелерін біздің сайтымыздан оқи аласыздар.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024