Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz – Көпбалалы отбасылардан шыққан аз қамтылған қазақстандықтар "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ арқылы 2-3% мөлшерінде ипотека алу мүмкіндігіне ие болады, деп мәлімдеді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
"Үкіметке "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында көп балалы отбасылардан шыққан аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін 40 мыңнан астам жалға берілетін пәтер салуды тапсырамын. Осы мақсаттарға алдағы 7 жылда жыл сайын қосымша 50 млрд теңге бөлінеді", - деді Н. Назарбаев партияның XVIII съезі барысында.
Сондай-ақ, елбасы табысы төмен, мүмкіндігі шектеулі балалары бар, көп балалы және толық емес отбасылар үшін тұрғын үй сатып алуға қолжетімділікті арттыру қажет екендігін атап өтті.
"Азаматтардың осы санаты үшін ТҚЖБ жүйесі арқылы тұрғын үй заемдарын 2-3%-ға берудің жеңілдікті тетігін әзірлеуді тапсырамын. Бірақ бұл үшін ТҚЖБ-не ақша қажет болады және жыл сайын 50 млрд теңгеден бөлуді тапсырамын", - деді Президент.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024