Танымал LE FIGARO газетінде шыққан тамаша мақала осылай аталады. Отандастар, қазақтың жерінде әлемдегі алмалардың тура мағынасындағы атасы өседі. Адам ата мен хауа ананың да осы алмадан дәм татқан болуы да ғажап емес. Және бұл ешқандай талқыға келмейді. Біз – жер шарындағы алмалардың отанымыз!
Malus sieversii атты бұл өсімдік 65 миллион жаста (Демек, Алматыға да сонша жыл болғаны ма? Ешкім сенбеген алдыңғы мыңжылдық мерейтойды тез өзгерту қажет). Ең бірінші ол туралы 1929 жылы Вавилов жазған. Зерттеуді КОКП басқан ізін аңдыған біздің ғалымымыз Аймақ Жанғалиев өмірінің соңына дейін жалғастырған еді. Бұл ашылудың тарихта қалуына көптің еңбегі сіңді, бірақ Катерин Пейкстің рөлі атап көрсетуге тұрарлықтай. Ол бұл туралы фильм түсіріп, ғаламды мойындату үшін барлық дерлік ғылыми зерттеу орталықтарын аралап шықты. Бұл фильмге мен бірер жыл бұр арнайы пост жазған болатынмын. AKF Ассосациясының мүшесі - Катрин. AKF өз мүшелерінмен мақтанады. Жарайсың Катрин!
Бірақ бұл алмаларға бүгінде қауіп туып отыр, олар жоғалып кетудің аз-ақ алдында тұр. Газеттің айтуынша, бұған жергілікті әкімдердің «СОҚЫРЛЫҒЫ» сеп болып отыр (білместіктен болуы да мүмкін). Еуропалық Benetton Fondation қоры оларды өз қамқорлығына алуға ниет білдіріп, дабыл қағып отыр. Ал біздікілер қайда? Бұл жәдігерлерді Алатаудың бөктерінен саяжай мен коттедждер салуға аса ынталы әкімдерімізден кім құтқармақ? Бізде, тіпті, экология министрі де жоқ. Есесіне, экологиямызды құрдымға кетіріп отырған көмір өндірісін бақылайтын (энергияның 75%-ы) энергетика министрлігі бар. Енді киіктерімізді немістер, алмамызды француздар мен италиялықтар қорғасын. Аналарыңыз табиғатты сүйіңіздер! Болмаса өркениетті ұлт боламын деп жүріп жойылып кетуіміз әбден мүмкін.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024