"Қазақфильм" киностудиясы 3 398 529 000 теңгеге бағаланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мемлекеттік мүлікті тіркеу мәліметтеріне сілтеме бере отырып. Қазақстандағы жекешелендірудің екінші толқынының аясында "Қазақфильм" киностудиясының үлесі 49 пайыз болды, бұл 1 665 279 210 теңге болды. Оны тікелей сатылымға 2015 жылдың желтоқсан айында қоймақшы.
2013 жылы шығын 92, 6 млн теңгені құрады. Бұл болса, 2012 жылмен салыстырғанда шамамен екі есе көп. Ол кезде "Қазақфильмнің" шығыны 50, 7 млн теңге болған еді. Бұл залал мемлекет тарапынан берілетін қаржылық көмектің қысқаруынан болған. Тағы бір айта кетері, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай бюджеттен миллиардқа жуық теңгені 10 сериялық тарихи-драмалық "Қазақ Елі" сериалына бөлу жоспарланса, 375 млн теңге сол атаумен шығатын анимациялық фильмге бөлінбек.
Сонымен қатар, тамыз айында "Қазақстанның рухани даму қоры" АҚ да сатылымға қойылады. Мекемені 69, 7 млн теңгеге бағалаған. Бұл ұйым Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған логотип конкурсын жасауымен белгілі.
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов "Қазақфильм" киностудиясы орналасқан аумақ тек кәсіпорынның қажеттіліктеріне ғана пайдаланылатын болады деп уәде еткен болатын. "Ел арасында түрлі әңгімелер шығып жатқан көрінеді, бірақ "Қазақфильм" аумағы тек "Қазақфильм" үшін ғана пайдаланады. Басқалай болуы мүмкін емес"", - деген еді Есімов "Еуразия" кинофестивалының ашылуында.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024