Алматы. 24 наурыз. 7kun.kz - Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, осы жылдың 11-17 наурыз аралығында ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің мемлекеттік инспекторлары Қырғыз Республикасынан жеткізілген фитосанитарлық тәуекелі жоғары карантинге жататын өнімдерді тексеру барысында өсімдік карантині саласындағы Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасын бұзудың 3 фактісін анықтады.
Карантиндік өнімге жататын 30 тонна қырықжапырақ пен 2 тонна картоп республика аумағына міндетті ілеспе фитосанитарлық сертификатсыз жеткізілген. Өсімдік карантині саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, аталған өнімдерді республика аумағына әкелуге және сатуға тыйым салынады. Заң бұзушылар әкімшілік жазаға тартылды. Ал салмағы 30 тоннадан асатын карантинге жататын өнім Қырғыз Республикасы аумағына қайтарылды.
Айта кетейік, бұған дейін осы жылдың ақпан айында Қазақстаннан Қырғызстанға 70 тоннадан астам карантинді алмалар қайтарылған болатын.
Одан кейін, 22 ақпан мен 9 наурыз аралығында карантинге жатқызылған 120 тонна өнім Ресей Федерациясына, 3-7 наурыз аралығында Қырғызстанға 23 тонна өнім қайтарылған еді.Оған Қазақстанның және Еуразиялық экономикалық одақтың фитосанитарлық заңнамасын бұзу себеп болған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024