Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан-американ энергетикалық әріптестігі мәселелері талқыланды

Қазақстан-американ энергетикалық әріптестігі мәселелері талқыланды

Алматы. 21 желтоқсан. 7kun.kz – ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың басшылығымен қазақстандық делегация Вашингтонда іс-сапармен болды. Ол жерде қазақстан-американ энергетикалық әріптестігі мәселелерінің кең спектрін талқылау бойынша бірқатар кездесу өткізді.

Атап айтқанда, іс-сапар шеңберінде АҚШ Энергетика министрі Р. Перримен, АҚШ мемлекеттік хатшысының энергетикалық ресурстар бойынша көмекшісінің орынбасары Дж. МакКаррикпен, «Шеврон» компаниясының Еуропа, Еуразия және Таяу Шығыс бойынша президенті Т. Левинмен, «Грейс» компаниясының вице-президенті К. Коулмен, «Паркер Дриллинг» бұрғылау компаниясының президенті Б. Коллинспен және басқа да атом мен мұнай-газ салаларындағы ірі америкалық компаниялардың басшыларымен кездесулер өтті.

Бұдан басқа, америкалық-қазақстандық іскерлік қауымдастықпен кездесу ұйымдастырылды. Онда Қауымдастықтың президенті У. Кортни, Мемлекеттік хатшының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісінің орынбасары Г. Эншер, америкалық компаниялардың басшылары сөз сөйледі.

Аталған іс-шараның аясында энергетика саласындағы белгілі сарапшы Д. Ергинмен кездесу өтті. Кездесу барысында 2018 жылдың наурыз айында Хьюстон қаласында өтетін «CERAWEEK» Халықаралық мұнай-газ конференциясына қазақстандық тараптың қатысу ықтималдылығы талқыланды.

Жалпы, қазақстандық делегацияның АҚШ-қа іссапары екіжақты саяси-экономикалық ынтымақтастықтың аса маңызды саласында Мемлекет басшысының алдағы АҚШ-қа іссапарын мазмұнды толықтыру мүмкіндігін қарастырды.

ҚР ЭМ Баспасөз қызметі

Похожие материалы