Қазақстан үкіметі атом энергиясы бойынша халықаралық агенттікпен (МАГАТЭ) республика аумағында төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімге келді. Әділет министрлігінің нормативті-құқықтық актілердің мәліметтер базасы жөніндегі веб-порталында осындай қаулы жарияланған.
"Ел үкіметі мен атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік арасында ҚР аумағында төмен байытылған уран банкін құру туралы жоба келісілді",-деп жазылған құжатта. Қаулы қол қойылғаннан бастап күшіне енеді. Осыған дейін Қазақстан МАГАТЭ-мен өз аумағында халықаралық ядролық отын банкін құру туралы келіссөздер жүргізіліп жатқандығы хабарланған еді. Төмен байытылған уранның халықаралық қорының негізінде ядролық отын банкін құру Үлбі металлургиялық зауытында (ҮМЗ) жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр. ҮМЗ "Қазатомпром" атом компаниясының құрамына кіреді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024