Инвестициялар және даму министрлігі осы жылдың соңына дейін өңделмеген бағалы және қара металдарды экспорттауға тыйым салғанын мәлімдеді. Бұл туралы lsm.kz хабарлайды.
"Қазақстан аумағынан 4 ай көлемінде өңделмеген бағалы металдарды, металл қалдықтарын және бағалы металл қалдықтарын шығаруға тыйым салынсын ",- делінген министр бұйрығында. Құжатта алтын сынықтары мен қалдықтарына да тыйым салынғандығы жазылған. Осыған ұқсас тот баспайтын болатты қоспағанда, қара металл сынықтарына да шектеу қойылған. Үкім 2015 жылдың 9 қыркүйегінде күшіне енді. Еске сала кетсек, Қазақстан қара металл сынықтарын сыртқа шығаруға 2013 жылдың желтоқсанында 2 айға тыйым салған. Өткен жылдың маусым айында жылдың соңына дейін ұзартылған еді, кейінірек тағы да 2015 жылдың І жарты жылдығына дейін созылды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024