Алматы. 26 ақпан. 7kun.kz – Қазақстан бензині ең арзан елдер ішінде 15-орында. Бұл туралы кеңейтілген алқа мәжілісінде Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, 167 елде зерттеу жүргізген global petroleum prices-тің халықаралық рейтингі осындай қорытынды шығарған. Оған сай, әлемдегі ең арзан жанармай Венесуэлада - 1 цент. Екінші орында Судан - 34 цент, одан кейін 35 центпен Кувейт тұр. ТМД елдері ішінде сегізінші орынға Түркіменстан шыққан. Бензин бағасы 43 цент. Ал Қазақстан 56 центпен 15-орында. Бізден соң арзан жанармай Қырғызстанда - 65 цент. Әзербайжан мен Ресей 27, 28-орындарда. Оларда бензин бағасы 73 цент.
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:
Бензин бойынша 2018 жылдың 19 ақпанындағы рейтингіне сай, Қазақстан ең арзан бензинді елдер ішінде 15-орында. Әлем бойынша бензиннің орташа бағасы 1 доллар 15 цент. Бізден де арзан бензин тек Түркіменстанда ғана - 0,43 доллар.
Қанат Бозымбаев Шымкент мұнай өңдеу зауытының жаңғыртылу жұмыстары 2018 жылдың екінші жартысында аяқталатынын жеткізді. Сол кезде нарықты отандық бензин және дизель отынымен 90 пайызға, әуе керосинімен 70 және мазутпен 100 пайызға қамтамасыз етіледі.
Сөйтіп, 2018 жылы мұнай өңдеу көлемі 1 млн 100 мың тоннағы артып, 16 млн тоннаға жетеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024