Астана. 29 қыркүйек. 7kun.kz - Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) қызметтер саудасын ішкі реттеу ережелерін әзірлеуге белсенді қатысып отыр. Ұйымның осындай ережелерді әзірлеу мандаты ДСҰ-ның Сауда қызметтерін саудалау туралы бас келісімімен, атап айтқанда, лицензиялау жүйесін жетілдіруге бағытталған ережелерді әзірлеумен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
ДСҰ мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелік аясында Қазақстан бизнестің және инвестициялық қызметті жүзеге асырудың лицензиялау талаптары мен рәсімдерінің ашықтығын және болжамдылығын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді ескере отырып, ДСҰ ережелер жобасы мемлекетіміздің Ұлттық экономикалық мүдделеріне толық сай келеді.
Бұл құжатқа лицензияларға, біліктілік талаптарына, қызмет көрсету саласындағы техникалық стандарттарға, сондай-ақ электронды құжат айналымы мәселелеріне және қызмет көрсету бойынша рұқсаттарды тиімді басқаруға қатысты мәселелер кіреді. Ереже 2017 жылы 10-13 желтоқсан аралығында Буэнос-Айрес қаласында өтетін 11-ДСҰ министрлік конференциясында қабылданады.
ДСҰ-ның қызмет саудасының ішкі регламентін қабылдаудың арқасында әкімшілік тосқауылдарды жоюға, лицензиялау рәсімдерін жеңілдетуге, сонымен қатар, мемлекеттік электрондық қызметтерді тиімді қамтамасыз ету арқылы қызмет көрсетушілердің бизнестерін Қазақстан нарығында қалыптастыруға оң ықпалы тиеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024